(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын;

5) мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын тыңдайды.

3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

 

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 131-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

131-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есептен;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен нәтижелерді бағалау, облысты дамыту жоспарының іске асырылуы туралы есеп негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

Түсіндірме жазба экономикалық ахуал туралы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық бюджет (облыстық маңызы бар қала бюджеті) туралы шешімі тармақтарының атқарылуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізеді.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге жыл сайын:

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;

2) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.

 

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 131-1-баппен толықтырылды

131-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге жергілікті қоғамдастықтың жиналысына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қосымшаларға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен оның нәтижелерін бағалау негізінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

Түсіндірме жазбада экономикалық ахуал туралы және аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері туралы шешімі тармақтарының атқарылуы туралы талдамалық ақпарат қамтылады.

3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізеді.

4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге:

1) ағымдағы жылдың 10 наурызынан кешіктірмей облыстың тексеру комиссиясына;

2) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.

 

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 132-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

132-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін облыстың тексеру комиссиясының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

1) әкімнің не оны алмастыратын адамның аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

2) облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) әкімнің не оны алмастыратын адамның облыстың даму жоспарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бірінші басшыларының облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын;

5) мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын;

6) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын тыңдайды.

3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары қарағаннан кейін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

 

 

26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен

пайдаланылуы туралы жылдық есеп

 

133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.

Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса алғанда, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиіс.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен бас бухгалтері қол қояды.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.

 

134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті ұсыну және бекіту

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 26-1-тараумен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26-1-тарау. Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндама

 

134-1-бап. Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру

1. Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндама (бұдан әрі - ұлттық баяндама) мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару тиімділігін кешенді талдауды қамтитын құжат болып табылады.

2. Ұлттық баяндама мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.

3. Ұлттық баяндаманы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады және онда мыналар қамтылуға тиіс:

1) мемлекеттік активтердің есепті кезеңдегі жай-күйі туралы талдамалық ақпарат;

2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат;

3) мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару тетіктерін одан әрі дамыту жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстар;

4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өзге де деректер.

4. Ұлттық баяндаманы қалыптастыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

 

134-2-бап. Ұлттық баяндаманы ұсыну және бекіту

1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық баяндама бекітілгеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

3. Ұлттық баяндама туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 

7-бөлім. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-бөлім жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда

8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар

 

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30-тарау өзгертілді; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 30-тарау жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 30-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жоспарлау

 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 151-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар туралы жалпы ережелер

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бюджеттiк инвестициялар;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар.

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді іске асыру, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормаларын орындау шеңберінде инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.

Даму жоспарларын әзірлемейтін мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын жоспарлау Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормаларын орындау және (немесе) олар әзірлеген даму құжаттары шеңберінде, инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.

3. Мыналар:

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) бюджеттiк инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергiлiктi ретiндегi меншiк түрi бойынша өлшемшарт;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) пайда алушылар бойынша, егер экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса - республикалық, егер экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса - жергiлiктi ретіндегі өлшемшарт республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды айқындау өлшемшарттары болып табылады.

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Бюджеттiк инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды республикалық ретiнде айқындау үшiн олардың осы баптың 3-тармағында көрсетiлген өлшемшарттардың бiрiне сәйкес келуі жеткiлiктi болады.

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемшарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.

6. Республикалық бюджеттiк инвестицияларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

7. Жергiлiктi бюджеттiк инвестицияларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

8. Бюджеттік инвестициялар:

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей және техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) үлгілік болуы мүмкін объектілерді құруға (салуға) және реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға;

2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту арқылы саланы (салаларды) институционалдық дамытуға бағытталуы мүмкін.

9. Іске асыру көзі мен тәсілін айқындау критерийлері:

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) бюджеттік инвестицияларды немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыруда артықшылықты таңдау критерийі жекеше сектордың, квазимемлекеттік сектордың субъектілері немесе мемлекеттік орган (бюджеттік бағдарлама әкімшісі) арасындағы инвестицияларды іске асыру және басқару тиімділігінің көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады;

2) қаржыландыру тетіктері бойынша критерий пайдалар мен шығындарды талдау негізінде жоспарланатын іс-шараның мүмкіндіктері негізге алына отырып, оларды қаржыландыру көздері мен тәсілдеріне сәйкес айқындалады.

10. Мыналар:

1) республикалық бюджет;

2) жергілікті бюджет бюджеттік инвестицияларды қаржыландыру көздері болып табылады.

11. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландыру тәсілдері:

1) бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру;

2) бюджеттік инвестициялық жобаны бюджеттік кредиттеу;

3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту;

4) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеу;

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау.

12. Мемлекеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру тетіктері бюджеттік инвестициялар көздерін және мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілдерін қамтиды.

13. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 13-1-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға бағытталған активтер осы Бөліммен реттелмейді және Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған кезде республикалық бюджеттің жобасына немесе нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына енгізіледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді

14. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын, сондай-ақ білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды

15. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

16. Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

152-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу

1. Инвестициялық ұсыныстарды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.

2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.

3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды.

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерін айқындау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының нәтижесі болып табылады.

5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны дайындау бойынша іс-шаралар өткізеді.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу және бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

153-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізу;

2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу.

Бюджет процесін жетілдіру мақсатында орталық мемлекеттік органдар техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, салынуы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша көзделетін, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асырудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленгеннен өзгеше тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте мұндай жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін пилоттық жобаларды іске асыруға (енгізуге) бастамашы болған тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.